№3 Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңестің
№3 хаттамасы
Тақырыбы: "Балалардың қоршаған ортаны инновациялық технологиялар әдістерін пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру"
Мерзімі: 30.01.2025 жыл
Қатысқандар: 7
Өткізілген орны: Музыка залы
Күн тәртібі:
1. №2 Педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы - әдіскер Абильмажинова Г.А.
1) Алдыңғы педкеңесте қабылданған шешімдер қанағаттанарлық деп танылды.
2) Балалардың шығармашылық дамуын ынталандыру мақсатында ұлттық ертегілерді сахналау іс-шаралары өткізілді.
3) Өзін-өзі тану және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды (педагог-психолог).
4) Балабақшада қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы сабақтар жүргізілді, денсаулық сақтау шаралары күшейтілді.
5) Қазақ халқының ұлттық мәдениетін дәріптеу бойынша жүйелі жұмыстар жалғастырылуда.
2. Бірінші жартыжылдықтың оқу процесінің қорытындысы
Баяндаушылар: топ тәрбиешілері мен мамандар.
Әр топтың оқу қызметі бойынша жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.
Балалардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қолданылған әдістер сарапталды.
3. "Балалармен қоршаған ортаны инновациялық технологиялар әдістерін пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру"
Сөйледі: әдіскер Абильмажинова Г.А. - Бүгінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану – балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың тиімді жолы. Қоршаған ортаны зерттеу, түсіну және оған ұқыпты қарау – мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі. Балабақшада заманауи әдістерді пайдалану балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, оларды зерттеуге, шығармашылыққа және дербес ойлауға баулиды.
1. Инновациялық технологиялардың маңызы
Инновациялық әдістер мен технологиялар балалардың қызығушылығын оятып, оларды белсенді білім алушыға айналдырады. Қоршаған ортаны зерттеу барысында қолданылатын заманауи әдістер:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – мультимедиалық құралдар, интерактивті тақталар, планшеттер.
STEAM-оқыту – (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) арқылы зерттеу жұмыстары.
Ойын технологиясы – табиғат құбылыстарын зерттейтін ойындар, квесттер.
Жобалық әдіс – балалардың табиғатқа қатысты мәселелерді шешуге арналған ұжымдық және жеке жобалар жасауы.
Эксперименттік-зерттеу әдісі – қарапайым ғылыми тәжірибелер арқылы табиғат құбылыстарын зерделеу.
2. Қоршаған ортаны инновациялық әдістер арқылы зерттеу
2.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Балаларға арналған "Виртуалды саяхаттар" (мысалы, ормандағы жануарларды зерттеу, ғаламшарларды қарастыру).
Интерактивті оқыту бағдарламалары – суреттер, бейнероликтер, презентациялар арқылы білім беру.
2.2. STEAM-оқыту әдісі
"Кішкентай ботаник" – өсімдіктерді отырғызып, олардың өсуін бақылау.
"Су – тіршілік көзі" – судың қасиеттерін зерттеу (булану, конденсация, мұзға айналу).
"Экологиялық зертхана" – балалар топырақтың құрамы, ауа сапасы туралы тәжірибелер жүргізеді.
2.3. Ойын технологиясын қолдану
"Табиғатты тап" – балаларға белгілі бір табиғи нысанды сипаттап, оны табу тапсырмасы беріледі.
"Қай жануар қалай дыбыстайды?" – жануарлардың дыбыстарын тану ойыны.
"Табиғат құбылыстары" – күн, жел, жаңбыр сияқты табиғат құбылыстарын балалар өздері көрсетіп, түсіндіреді.
2.4. Жобалық әдісті енгізу
"Экологиялық таза балабақша" – балалармен бірге ағаш отырғызу, гүл егу, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру.
"Қоқысты қайта өңдеу" – балаларға қоқысты сұрыптау және оны қайта өңдеудің маңызын түсіндіру.
2.5. Эксперименттік-зерттеу әдісі
"Жаңбыр қалай пайда болады?" – бұлттардың су буынан тұратынын тәжірибе арқылы көрсету.
"Өсімдіктерге су керек пе?" – әртүрлі өсімдіктерді суарып, олардың өсуін бақылау.
"Топырақ қандай болады?" – балаларға құм, саз, қара топырақ сияқты әртүрлі жер қыртысын зерттеу.
Инновациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы талқыланды.
Инновациялық технологиялардың балаларға әсері
Инновациялық технологияларды қолдану нәтижесінде: балалардың зерттеуге деген қызығушылығы артады, экологиялық санасы қалыптасады, танымдық қабілеттері дамиды, шығармашылық және логикалық ойлауы жетіледі, топтық жұмыс арқылы коммуникативтік дағдылары дамиды.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті бала кезінен қалыптастыру – болашақ ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып өсуінің кепілі. Инновациялық әдістерді қолдану арқылы біз балалардың табиғатты зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, экологиялық тәрбиені жаңа деңгейге көтере аламыз.
4. "Табиғат бұрышы" фото көрмесі
Барлық топтар өздерінің табиғат бұрыштарындағы жұмыстарын фотоесеппен көрсетті.
Балалардың экологиялық сауатын ашу бағытында атқарылған іс-шаралар талқыланды.
5. Баяндама: "Тіл мүкістігі неден пайда болады?" Баяндаушы: логопед Амирбаева А.С.
Тіл – қарым-қатынастың негізгі құралы. Баланың сөйлеу қабілетінің қалыптасуы оның танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына тікелей әсер етеді. Бірақ кейбір балаларда әртүрлі себептерге байланысты тіл мүкістігі пайда болады. Бұл мәселе ерте анықталып, уақытылы түзету жұмыстары жүргізілмесе, болашақта баланың оқу үлгеріміне, әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
2. Тіл мүкістігінің түрлері
1. Дислалия – дыбыстарды дұрыс айта алмау (ротацизм – "р" дыбысын айтудағы қиындық, сигматизм – "с, ш, ж" дыбыстарын бұрмалау).
2. Дизартрия – сөйлеу бұлшықеттерінің әлсіздігі салдарынан сөздерді анық айта алмау.
3. Алалия – баланың мүлдем сөйлей алмауы немесе өте баяу дамуы (орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан болады).
4. Тұтықпа (заикание) – сөйлеу ырғағының бұзылуы (жиі стресс, қорқыныш салдарынан пайда болады).
5. Ринолалия – мұрын арқылы сөйлеп, дыбыстарды бұрмалап айту (қатты және жұмсақ таңдай ақаулары әсер етеді).
6. Афазия – бұрын қалыптасқан сөйлеудің жоғалуы (инсульт, ми жарақаты салдарынан).
Балалардың тіл мүкістігінің себептері, түрлері және алдын алу шаралары түсіндірілді.
Тәрбиешілерге логопедиялық жаттығуларды күнделікті қолдану бойынша ұсыныстар берілді.
6. Пікірталас: "Баланың маңында емес, онымен бірге!"
Тәрбиешілер топтарға бөлініп, баланың дамуына белсенді қатысудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Баламен бірге ойнау, зерттеу және қарым-қатынас жасаудың оң әсерлері талқыланды.
7. Қорытынды, шешім қабылдау
Инновациялық технологияларды сабақ барысында кеңінен қолдану.
Балаларға экологиялық тәрбие беруді күшейту.
Балабақшадағы қауіпсіздік шараларын қадағалау.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында логопедиялық тренингтер өткізу.
8. Педагогикалық кеңес аясында өткен ашық оқу қызметтері:
1. "Жайлаудағы қошақандар" Арт терапия технологиясын қолдану, тәрбиеші: Кенжебаева К.С.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі материалдар қолданылды.
2. "Жас зерттеуші" Кіріктірілген ашық іс-әрекет, тәрбиеші: Әлімжан Ж.К.
Балалардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік сабақ өтті.
3. "Сиқырлы нота" Музыка жетекшісі: Байженов А.А.
Музыкалық сауаттылықты дамытуға арналған ойын элементтері қолданылды.
ШЕШІМІ:
1. № 2 педагогикалық кеңестің шешімінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Инновациялық технологияларды қолдану жүйелі түрде жүзеге асырылсын.
3. Экологиялық бағыттағы іс-шаралар көбейтілсін.
4. Логопедиялық жұмыстар тәрбиешілер мен ата-аналар арасында насихатталады.
5. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған шығармашылық іс-шаралар жалғасады.


