№2 Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: "Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек" » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: "Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек"
29
қараша
2024

№2 Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: "Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек"

   Педагогикалық кеңестің

№2  хаттамасы

Тақырыбы: "Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек"


Мерзімі: 29.11.2024 жыл                                          Қатысқандар: 8

Өткізілген орны: Музыка залы

Күн тәртібінде

1. №1. Педкеңес шешімінің орындалуы

  1. №1 педагогикалық кеңестің шешімінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Тәрбиешілер ұлттық тәрбие мен құндылықтарды сабақтарға енгізуді жалғастыратын болып шешілді. Әр топта балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ұлттық элементтерді жиі қолдану ұсынылды.
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаттың талаптарына сай ұйымдастырылуы жыл бойы жалғассын.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы қаралды. Тәрбиешілер мен әдіскерлер ұлттық тәрбие элементтерін балаларға жеткізу және оларды дамыту бойынша жүзеге асырылған жұмыстар туралы есеп берді.

  1. "Ұлттық тәрбиені балабақшада бастауымыз керек"

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі Маулешова А.К. сөз алды,  бүгінгі таңда ұлттық тәрбие – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Балабақша – ұлттық тәрбиенің бастау алатын негізгі ортасы. Мектепке дейінгі ұйымның басты мақсаты – балалардың дене, зияткерлік, эмоциялық және рухани дамуын үйлесімді қалыптастыра отырып, оларды ұлттық болмыс пен мәдениетке баулу.

            Ұлттық тәрбие – қазақ халқының өзіндік ерекшелігін, мәдениеті мен дүниетанымын, өмір салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын келесі ұрпаққа жеткізетін құндылықтар жиынтығы. Бұл тәрбие түрі жас ұрпаққа туған халқының бай тарихы мен мәдениетін танытып, ұлттық болмысын қалыптастыруға бағытталған.

            Ұлттық тәрбие беру арқылы бала:

Өз халқының дәстүрлері мен мәдениетін терең түсінеді. Ұлттық мақтаныш сезімін бойына сіңіреді. Әлемдік мәдениетке құрметпен қарайды. Біртұтас тәрбие – баланың дене, зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және шығармашылық дамуын кешенді түрде қамтитын тәрбие жүйесі.

Ұлттық тәрбие мен біртұтас тәрбиенің байланысы: Ұлттық тәрбие біртұтас тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол балалардың мәдениетаралық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыта отырып, ұлттық болмысты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық тәрбие мен біртұтас тәрбиенің негізгі әдістері:

Танымдық: Ұлттық тарих пен мәдениет сабақтарын өткізу. 

Практикалық: Қолөнер, ұлттық өнер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Әлеуметтік: Ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру (мерекелер, жарыстар). 

Дидактикалық: Ұлттық мазмұндағы ойындар, ертегілер, әндер мен мақал-мәтелдер арқылы білім беру. 

Қазақ халқындағы «Ұлттық тәрбие және біртұтас тәрбие» бағдарламасының                        үйлесімі Қазақ халқының тәрбие жүйесінде ұлттық құндылықтарды жеке тұлғаның дамуының барлық салаларымен байланыстыру ерте заманнан келе жатқан дәстүр. Халықтың мақал-мәтелдерінде, даналық сөздерінде бұл ұстанымдар айқын көрінеді: «Тәрбие – тал бесіктен» деген ұғым баланың алғашқы тәрбиесі отбасында, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы берілу керектігін меңзейді. «Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар» деген мақал қоғамдағы біртұтас тәрбиенің мәнін ашады. Біздің балабақшамыздың ұстанған бағыты ұлттық тәрбиемен тығыз байланысты. «Ұлттық тәрбие» балалардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын үйлесімді үйлестіру. Бұл тақырыпты талқылау арқылы балалардың ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты     біздің басты мақсатымыз – ата-аналармен бірлесіп балаларға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, халқымыздың дәстүрлері мен мәдениетін таныту арқылы тәрбиелеу. 

1. «Ұлттық мәдениетті таныту»: Балабақшада балаларға коммуникативтік, шығармашылық, ұлттық ойындар арқылы мәдениетімізді таныстырамыз. Ойындар мен әңгімелер арқылы ұлттық рухты қалыптастырамыз. Қазақ тілінде сөйлесу, халық ертегілері мен аңыздарды, жұмбақтар, жаңылтпаштар, айтыс,   оқу арқылы балалардың тілдік қорын байытамыз. Тілді үйрету - ұлттық тәрбие берудің маңызды бөлігі. Балабақшада ертеңгіліктер, салт-дәстүрлер мен мерекелік түрлі іс-шаралар «Тілдер мерекесі», «Республика күні», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз мерекесі» сияқты ұлттық мерекелерді атап өту арқылы балаларымызға ұлттық тарихымызды, салт-дәстүрлерімізді үйретеміз.

2. «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»: Ата-аналармен бірлесе отырып, ұлттық тәрбиені нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Ата-аналардың қатысуы балалардың тәрбиесіне оң әсер етеді. Балабақшада ұлттық тәрбие берудің тағы бір маңызды бөлігі - балалардың бір-бірімен сыйластық, достық қатынастарын дамыту. Бұл ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға көмектеседі.

Балабақшада ұлттық тәрбие беру - бұл тек білім беру ғана емес, баланың рухани және мәдени дамуына ықпал ету. Біздің міндетіміз - балаларымызды ұлттық болмысымызбен таныстырып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

      2. "Не ексең, соны орасың". Мектепке дейінгі балалардың халық ертегілерін театр арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Екінші мәселе бойынша  балабақша әдіскері Г.А.Абильмажинова  "Не ексең, соны орасың". Мектепке дейінгі балалардың халық ертегілерін театр арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау жайында баяндама оқыды. 

Бұл тақырып бойынша педагогтар Хази Жанаргүл, Даулетбаева Р.А. және Әлімжан Ж.К. өз ойларын айтып,  халық ертегілерін театрландырылған қойылымдар арқылы балаларға жеткізу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын талқылады. Ұлттық құндылықтарды балаларға ұғындыру мақсатында қазақ халық ертегілері мен халық ауыз әдебиеті ертегілері пайдаланылатыны атап айтты. Ерекше мән берілетін құндылықтар: парасаттылық, әділеттілік, адалдық, қайырымдылық екенін де қалыс қалдырмады.

3. Барлық топтар жас ерекшелігіне байланысты дамытушы ортаны орналастыру бойынша көрмесі. Қазақ халқының ұлттық бұйымдарын қолдана отырып (жүн түту, киіз басу, қамшы, шаш өру, асық т.б)

Тәрбиешілер әр топтың жас ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқының ұлттық бұйымдарын қолдана отырып, балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту шаралары туралы баяндады. Жүн түту, киіз басу, қамшы өру, шаш өру сияқты ұлттық қолөнермен таныстыру жұмыстары жалғасатын болады.

4. "Өзімді тануға көмектес" тренинг

Бұл тренингтің мақсаты – балаларға өзін-өзі тануға, өздерінің жеке қасиеттерін білуге көмектесу. Тәрбиешілер мен психологтар балалардың тұлғалық дамуына қажетті әдіс-тәсілдерді қолдану жайында ұсыныстар берді.

Тренингтер тұрақты түрде өткізіліп, балалардың эмоционалдық және психологиялық дамуына қолдау көрсету.

5. Балалардың балабақшада денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Балалардың денсаулығын сақтау, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы сабақтар өткізу қажеттілігі атап өтілді.

Педкеңеске ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттер:

1. "Қазақ халқының ою-өрнектерінің қызықты әлемі" кіріктірілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Тәрбиеші: Даулетбаева Р.А., "Ақбота" ортаңғы тобы.

Мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнектерін балаларға таныстырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2. "Алтын қақпа" кіріктірілген ұйымдастырылған ашық іс-әрекет (ұлттық құндылықтарды қолдану)

Тәрбиеші: Хази Жанаргүл, "Жұлдыз" ересек тобы.

Мақсаты: Ұлттық құндылықтар арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

3. "Р дыбысы және әрпі" ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Логопед: Амирбаева А.С., "Көгершін" мектепалды тобы.

Мақсаты: Балалардың тілдік дағдыларын дамыту, дыбыс танысу арқылы сөздік қорларын байыту.

4. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Скендирова Б.А. – қазақ тілі маманы болып ортаңғы «Ақбота» тобы, ересек «Жұлдыз» тобына, мектепалды «Көгершін» тобына кестеге сәйкес қазақ тілі ұіә.-ін өткізсін. 

6. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау

1.  №1 педагогикалық кеңестің шешімінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.

Балалардың шығармашылық дамуын ынталандыратын ұлттық ертегілерді сахналау іс-шараларын өткізу.

Балалардың өз-өзін тануға және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығуларды ұйымдастыру. (педагог-психолог)

Балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтау және балаларға өмір қауіпсіздігін үйрету үшін арнайы сабақтар ұйымдастыру. Денсаулық сақтау шараларының тиімділігін арттыру.

Ұлттық құндылықтарды үнемі дәріптеу, балаларды қазақ халқының мәдениетімен таныстыру. Ұлттық тәрбие мен шығармашылықты дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру.