№1 педкеңес » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2024

№1 педкеңес

   Педагогикалық кеңестің

№1  хаттамасы

Тақырыбы: «2024-2025 жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары».

Мерзімі: 29.08.2024 жыл                                          Қатысқандар: 9

Өткізілген орны: Музыка залы

Күн тәртібінде

        Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымды жаңа оқу жылына дайындау. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын және негізгі жылдық міндеттемелерді талқылау, бекіту.

Педагогикалық кеңес хатшысын сайлау.

Жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмыстар мен  жаңадан қабылданған балалардың бейімделу кезеңінің қорытындысы.

Бөбекжайдың 2024 – 2025 оқу жылының жылдық жоспарымен танысу, бекіту: 

- мақсаты мен міндеттері;

- үлгілік оқу жоспары;

-  күн тәртібі;           

- ҰІӘ кестесі;

тәрбиешілер мен мамандардың жоспарларын бекіту;

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатымен танысу. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өту кестесі. Топтағы балалардың тізімдерін бекіту.

       4. Жас мамандарға тәлімгер бекіту.

       5. Викторина: «Балаға қауіпсіз, жайлы орта құру және менің атқаратын міндеттерім»

         (Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы орта құру)

       6.Аттесттаттау комиссиясын құру. 

       7. Балалардың дамуын жетілдіру мақсатында қосымша әдістемелік құралдарды бекіту.

       8. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау.

1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі Маулешова А.К. сөз алды, ол педагог қызметкерлерді   жаңа оқу жылымен және келе жатқан 30-тамыз Конституция күнімен құттықтады. Жаңа оқу жылында жаңа ізденістер, шығармашылық табыстар тіледі. 

Екінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Маулешова А.К. топтардың жаңа оқу жылына дайындығының қорытынды есібін айтып өтті және «2024-2025 оқу жылының басталуы туралы»  бұйрығымен таныстырды, бұйрықта көрсетілген тармақтарға түсінік берді. Сондай-ақ педагогтардың сапалық тізімімен таныстырды, жаңадан келген педагог-модератор Абильмажинова Г.А. – әдіскер ретінде таныстырылды, әдіскерге жаңа жұмыс бастамасына шығармашылық табыс, жұмысына жауапкершілік, сенімділік артатынын атап өтті және музыка жетекшісі, логопед, психолог және  4  топтың тәрбиешілері. Әр тәрбиешінің қайсысы қай топта жұмыс атқаратынын айтып өтті. Жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен кірісулерін қадап айтты.  Педагогикалық кеңестің хатшысы - Әлімжан Ж.К. сайланды. 

        Балабақша меңгерушісі А.К.Маулешова МДҰ бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Кеңес беру пункті» жұмысын ұйымдастыру туралы әдіскерге тапсырмалар берді. Бұйрық № 42-НҚ 29.08.2024ж негізгі қызмет бойынша «Кенес беру пунктін құру туралы»  бұйрықпен таныстырды. 

     2024-2025 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу туралы тоқталып өтті. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейірімділік пен бауырмалдық, отбасына сүйіспеншілдік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді. Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнын айқындау жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірлеудің өзектілігіне негіз болды. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:  жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу; ата-ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге,  отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу; ұлттық мұраны қастерлеуге; қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу; жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру; денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу; табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулуды ерекше атап өтті.

         2024-2025оқу жылындағы жетістіктеріміздің бірі – тәрбиеші Даулетбаева Р.А. – педагог-модератор біліктілігіне өтті

        2. Жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмыстар мен жаңадан қабылданған балалардың бейімделу кезеңінің қорытындысы. Жазғы сауықтыру кезеңінде балалардың денсаулығын нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Жаңадан қабылданған балалардың бейімделуі бақылауға алынды. Жазғы сауықтыру шаралары жоспар бойынша ойдағыдай атқарылды. 

       3.   2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хатпен танысу. Педагогтерге Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік-нұсқаулық хаттың негізгі бағыттары таныстырылды. Келесі сөзді   балабақша әдіскері  Г.А. Абильмажиноваға берілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2024 жылғы 17 маусымдағы №5 хаттама) 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыруды айтып өтті. 

        Балалардың дамуын баланың бастамашылығын, пікірі мен тілектерін ескере отырып, олар үшін қызықты ойын түрінде жүргізу, сондай-ақ барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен бірге шағын топтарда да ұйымдастырылған іс-шаралар өткізу туралы және балалар іс-әрекетінің бірнеше түрін бір мезгілде ұйымдастырған кезде балаларға аталған іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысуға рұқсат етіледі, бұл ретте баланы басқа балалармен қызығушылық танытатын қызметтің бір түрінен келесі қызмет түріне ауыстыру ұсынылмайтыны жайлы нұсқаулықтағы өзгерістерге тереңірек тоқталып өтті.

Әдістемелік нұсқау хатта: 

- тәрбиелеу-білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды қолдану (сілтемелер);

- тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру;

- балаларға қазақ тілін үйрету;

- вариативтік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

- экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;

- мерекелік шараларды ұйымдастыру;

- мектепалды даярлықты ұйымдастыру;

- «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру;

- ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылған.

         Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әрбір балаға қолайлы, әрі қауіпсіз орта құру басты назарда болуы тиіс екенін айтты. 

Балабақшаның медбикесі А.Қасымова сөз кезегін жалғастырды. МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, күн тәртібін сақтау және т. б.) . Ұйқы, демалыс, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі режимі сақталады. Балабақшаның барлық қызметкерлерін және балаларды медицина қызметкер күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады. Балабақшаға уақытша келмей жатқан балалардың ата-аналарымен жеке кеңестер жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы атап өтті.  Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны талқыланып, балабақшада іске асыру жолдары қарастырылды.

  1. Жас мамандарға тәлімгер бекіту. 

Жаңа келген және қызмет етіп жүрген жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау.

Жолдасбекова О.Т. (тәрбиеші) және Байженов А.А. (музыка жетекшісі) – тәлімгерлер –  Скендирова Б.А., Әлімжан Ж.К., Абильмажинова Г.А.

5. Викторина: «Балаға қауіпсіз, жайлы орта құру және менің атқаратын міндеттерім».

Педагогтер балалар үшін қауіпсіз орта құру бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін  викторина арқылы пысықтады.

6. Аттестаттау комиссиясын құру.

Аттестаттау комиссиясының мүшелері бекітіліп, олардың міндеттері айқындалды.

 Аттестация құрамы бекітілсін:БҰЙРЫҚ № 40-НҚ 29- тамыз 2024ж негізгі қызмет бойынша:       

 Комиссия төрайымы: Маулешова А.К. – балабақша меңгерушісі 

    Аттестаттау комиссиясының мүшелері:

    Абильмажинова Г.А. – әдіскер, төрайымның орынбасары

    Сырлыбаева А.А. – КМҚК «№157 бөбекжай балабақшасы» әдіскер, комиссия мүшесі 

    Шарипова К.А. -  «№7 ЖББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, комиссия мүшесі

    Нугуметова Ж.Ж. -  «№7 ЖББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, комиссия мүшесі

    Мынбаева Л.Т. -  «№7 ЖББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, комиссия мүшесі

    Ильчибаева А.О. – «№7 ЖББМ» КММ тарих пәнінің мұғалімі

    Амирбаева А.С. – балабақша логопеді, комиссия мүшесі

         7. Балалардың дамуын жетілдіру мақсатында қосымша әдістемелік құралдарды бекіту.

Тыңдалды: Балабақша педагогтері балалардың танымдық, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша әдістемелік құралдарды қолдануды ұсынды.

1. Кенжебаева Камшат Сайлауовна – "М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері". Бұл әдіс балалардың өз бетінше жұмыс жасауын, ұсақ моторикасын және зейінін дамытуға ықпал етеді.

2. Хази Жанаргүл – "Мектепке дейінгі ұйымда көркем әдебиет шығармалары арқылы балалардың тілін дамыту". Әдеби шығармаларды пайдалану арқылы баланың сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру ұсынылды.

3. Түгелбаева Айжан Байсериковна – "Баланың ой-өрісін дамытудағы тиімді әдістер". Бұл әдістер балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін жетілдіруге бағытталған.

      Сөз соңында балабақша меңгерушісі Маулешова А.К. барлық тәрбиешілердің ұсыныстарын, талаптарын ескеріп, жалпы педагогикалық кеңесті қорытындылап бір ауыздан шешім қабылдады.

ШЕШІМІ:

1. №5 педагогикалық кеңестің шешімінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.

2. Педагогикалық ұжымның жаңа оқу жылына дайындығы қанағаттанарлық деп саналсын.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаттың талаптарына сай ұйымдастырылсын. 2024-2025 оқу жылының жылдық жоспар қабылдансын және негізгі құжаттар бекітілсін. Тәрбиешілер мен мамандардың оқу жоспарлары бекітілсін. Жылдық міндеттемелерді орындау және   мақсатына жету жолында әр бір педагог өз лауазымдық міндеттемелеріне сай іскерліктерін, педагогикалық шеберліктерін арттырсын. Педагогикалық кеңес хатшысы – педагог-модератор Әлімжан Ж.К. сайланды. 

  1. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер өз жұмысына кіріссін.
  2. Аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілсін. 

6.   Балалардың дамуын жетілдіру мақсатында ұсынылған әдістемелік құралдар оқу үдерісінде қолданылсын.

8. Балаларға қауіпсіз орта құру бойынша тәрбиешілер тарапынан барлық қажетті шаралар ұйымдастырылсын.







Похожие публикации: