Педагогикалық кеңес №1
Педагогикалық кеңестің
№1 хаттамасы
Тақырыбы: «Жаңа оқу жылына- жаңа дайындық»
Мерзімі: 26.08.2022жыл Қатысқандар: 11
Өткізілген орны: Музыка залы
Күн тәртібінде
- Жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы.
- 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарымен жаңа жылдық міндеттемемен таныстыру және жаңа стандартқа сәйкес өзгерістер мен толықтырулар, үлгілік оқу жоспары туралы толық түсіндіру және топтардың оқыту-тәрбиелеу үдерісіне жабдықталуы мен педагогтардың 2022-2023 оқу жылындағы сапалық құрамы туралы.
- Педагогикалық кеңес хатшысын сайлау, жаңа 2022-2023 оқу жылының аттестаттау комисиясын құру.
- Психологиялық тренинг ойындар
1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі м. а. Маулешова А.К. сөз алды, ол педагог қызметкерлерді жаңа оқу жылымен және 30-тамыз Конституция күнімен құттықтады. Жаңа оқу жылында жаңа ізденістер, шығармашылық табыстар тіледі. №31-НҚ «2022-2023 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығымен таныстырды және бұйрықта көрсетілген тармақтарға түсінік берді. Сондай-ақ педагогтардың сапалық тізімімен таныстырды, яғни 1 әдіскер, 1 музыка жетекшісі, логопед, психолог 4 топтың тәрбиешілері. Әр тәрбиешінің топта жұмыс атқаратынын айтып өтті.Жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен кірісулерін қадап айтты.Одан кейін ең үлкен мәселенің бірі – жаңа стандарт туралы, ондағы өзгерістер туралы, жаңа оқу қызметтері қосылғанын ерекше айтып, бұйрықтарымен таныстырды.
Балабақша меңгерушісі м. а. Маулешова А.К, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет екендігін» айтып өтті.
Ұлттық жобаның төрт бағыты бар екен: мектепке дейінгі білім беру және оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білім және ғылым министрі Аймағамбетовтың айтуынша, балалардың ерте дамуында «ойын арқылы білім алу» қағидасын жүзеге асыруға баса мән берілмек. Ол үшін оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалып, мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Барлық мектепке дейінгі ұйым осы үлгіге көшеді деп сөзін педагогтарға жеткізді.
Сондай-ақ МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, күн тәртібін сақтау және т. б.) баланы алдын ала алып келу, өйткені балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін). Топтардағы сабақтар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізіледі. Ұйқы, демалыс, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі режимі сақталады.
Оқу күні аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші (тәрбиеші көмекшісі) баланы шығатын есікке апарады. Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Балабақшаның барлық қызметкерлерін және балаларды медицина қызметкер күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады. Балабақшаға уақытша келмей жатқан балалардың ата-аналарымен жеке кеңестер жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы және МДҰ бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Консультациялық пункт» жұмысын ұйымдастыру туралы әдіскерге тапсырмалар берді.
2. Келесі мәселе бойынша балабақша әдіскері Қалқабай М.А. сөз алды. Әріптестерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Биылғы жаңа оқу жылында үлкен өзгеріс болып отыр, Яғни ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізіліп отыр. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды
қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері:
2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс екендігін айтып өтті.
Биылғы тәрбиешілерден үш құжатты талап ететіндігінхабарлады. Олдар: перспектива, циклограмма, даму катасы. «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылаған 2022 жылғы 26 шілдедегі №7 хаттамасымен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – Модель) бекітілді. Осы аталған Моделдің басты міндеттерінің бірі инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық процесті ғылыми негізде жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын өзгертуге жағдай жасау. Сондай-ақ Модельдің 21-тармағында оны іске асыру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру бойынша ұсынымдар әзірленгеннен кейін ілеспе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтіні нақты міндет ретінде айқындалғанын хабарлады.
1.ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін:
- «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі
- Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
- «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;
- «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына
- мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:
- физикалық дамыту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс- әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:
- дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру);
- жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу негіздері;
- қазақ тілі;
- сенсорика;
- математика негіздері;
- құрастыру;
10) қоршаған ортамен таныстыру;
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс- әрекеттер берілді.
Ең үлкен мәселенің бірі – жаңа стандарт туралы, ондағы өзгерістер туралы, жаңа оқу қызметтері қосылғанын ерекше айтып, бұйрықтарымен таныстырды, барлық топтар жаңа оқу жылына 100%-ға дайын болуын, барлық оқу қызметінің күнтізбелік жоспары, циклограмма, әдістемелік құралдары, оқу қызметтеріне қажетті көрнекі құралдар ,балаларға оның тартымды қанық түсте болуын ескертті және оқу қызметіне қажетті құрал-жабдықтар, кезекшілік бұрыштары (табиғат бұрышындағы еңбек құралдары, асханадағы кезекшілік т.б.) төсек, сүлгі, шкаф т.б. маркировкалары сақадай сай болуын қадап айтты. Ата-аналарға арналған ақпарат қабырғаларын ретке келтіру, балалардың бейімделу кезеңінде ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас жасауды айтып өтті.Әр топ тәрбиешілеріне канцелярлық құралдар мен балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойыншықтар үлестірілді.
2022-2023 Оқу жылының негізгі міндеттері.
1. Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және потриотизмге баулу.
Балалармен: Қазақтың ұлттық құндылықтарын, қолөнер, ою-өрнек, киімдер, аспаптар, театр түрлері, ойындар арқылы сана-сезімді ояту. Ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара
ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Педагогтармен:
Дәстүрден тыс, асық, жүн, тас тақта терапиясы арқылы баланың ой өрісін дамыту. Театр түрлері, қазақ ертегілері, көркем әдебиет, мақал-мәтел, жазушыларды таныстыру арқылы тұлғаны шығармашылық еркіндікте тәрбиелеу, ес, қиял, жеке тұлғалық өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу, инициативтік, сөйлеуді (монолог және диалог) дамыту
Ата-аналармен:
Отанды ана тілін сүюге түрлі ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тілін дамыту , сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру. Балалардың балабақшадағы тәрбиесіне және іс-шараларына белсене қатыстыру; отбасы мен балабақша арасында ынтымақтастық орнату. Баланы ойындар арқылы ой өрісін дамыту, қабілеттілігін арттыру,еркіндікте қол жетімді түрде дамыта білу.
2. Балалардың қоршаған орта мен қоғамдық өмір құбылыстары, Қазақстан тарихы туралы тиісті түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту.
Балалармен:
1. Туған еліне деген сүйіспеншіліктерін, табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Педогогтармен:
2.Педагогтар жалпы адамзаттық құндылықтар мен ережелері негізінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету
Ата-аналармен:
Ата-аналарды балаларының балабақшадағы тәрбиесіне белсене қатыстыру; отбасы мен балабақша арасында ынтымақтастық орнату.
Осы жылдық міндеттемелерді жүзеге асыру үшін барлық педагогикалық іскерліктеріңіз бен шеберліктеріңізді көрсетесіздер деп ойлаймын. Жаңа оқу жылында жаңаша табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.
Педагогикалық ұжымның 2022-2023 оқу жылына дайындығына тоқталды. Тәрбиешілер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын деген сұраққа барлығы дайынбыз деп жауап берді. Сонымен бірге педагогикалық кадрлардың құрамымен таныстырды. Балабақша педагогтармен толық қамтылған.
3.Үшінші мәселе бойынша сөз Маулешова А.К. берілді. Барлық педагогтармен ақылдаса келе педагогикалық кеңес хатшысына мектепалды даярлық «Көгершін» тобының тәрбиешісі –Әлімжан Ж. сайланды. Сонымен бірге осы оқу жылына аттестация комиссиясының құру туралы айтып өтті. Меңгерушінің ұсынысы бойынша аттестация комиссиясы құрамына төмендегі педагогтар бекітілді:
1.Маулешова А.К.- комиссия төрайымы
2.Қалқабай М.А.- төрайым орынбасары
3.Хази Ж.- комиссия мүшесі
Хаттамаға қоса тіркелді:
№ 33-НҚ бұйрық көшірмесі берілді
№ 31-НҚ бұйрық көшірмесі берілді
№ 34-НҚ бұйрық көшірмесі берілді
Әрі қарай педагог-психолог педагогтармен сауалнама, тренингтер, педагогтардың дамуға қабілеттілігін айқындау үшін сұрақтар өткізді және теоретикалық кіріспе: «Қиын ата-аналармен әңгімелесу негізін қалыптастыруға» кеңес берді.
«Сәлемдесу» жаттығуы
Тапсырма: «Композицияны аяғына дейін салу»
Шығармашылық жұмыс: «Жақсылық ағашын отырғызу»
Педагогикалық кеңестің шешімі:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай ұйымдастырылсын.
- 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарымен жұмыстар жүргізілсін
- Жылдық міндеттемелерді орындау және мақсатына жету жолында әр бір педагог өз лауазымдық міндеттемелеріне сай іскерліктерін, педагогикалық шеберліктерін арттырсын.
- Сауалнаманың нәтижесі хаттамаға тігілсін.
Кеңес төрайымы: Маулешова А.К.
Хатшы: Тугелбаева А.Б.

