№5 Педагогикалық кеңес » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №5 Педагогикалық кеңес
29
мамыр
2025

№5 Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңестің

№5  хаттамасы


Тақырыбы: «Оқыту-тәрбиелеу жұмысының жылдық қорытындысы»

Мерзімі: 29. 05. 2025 ж       

Өткізілген орны: Музыка залы

Қатысқандар: 11


Күн тәртібінде


1. №4 Педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы 

2. 2024-2025 оқу жылы үшін балабақша білім беру процессінің нәтижелері қорытынды шығару

  • Комиссия құрып мектепке дайындығын тексеру
  • Балалардың жастары бойынша даму диагностикасы
  • Әдіскер, тәрбиешілердің, мамандардың 2024-2025 оқу жылының есебі

3. «Мектепке психологиялық дайындық»

4. Жазғы сауықтыру шараларының жоспарын бекіту.

5. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау. 


1.  Бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі  А.К. Маулешова

№4  педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы  мәлімет берді.

Балабақша әдіскері Абильмажинова Г.А.  «Оқыту-тәрбиелеу жұмысының жылдық қорытындысы» туралы мәлімет берді.

2.  2024-2025 оқу жылы мәселе бойынша  балабақша әдіскері Абильмажинова Г.А.  білім беру процесінің қорытындысы тәрбиешілер мен мамандардың атқарған жұмыстарын айтты.  Осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарды атап өтті, атап айтар болсақ балабақшамызда төрт топ бар барлығы күнделікті ұіә қызметін, іс-шараларды, тақырыптық тәрбие сағаттарын жоспарға сай өткізіп жүр. Атап айтар болсақ балабақшамызда сәуір айында «Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада» атты қалалық семинар өтті. Әдіскер мен тәрбиешілер бірлесе отырып «Қазақтың ұлттық спорт ойындары» атты спорттық жарыс және шығармашылық, театрланған көрініс «Қаңбақ шал» халық ертегісінен сахналық қойылым өтті. Музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен «Біз – чемпионбыз!»  атты спорттық мереке өтті. 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шара «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты балаларға тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізілді. Мектепалды даярлық «Көгершін» тобының тәрбиешісі Әлімжан Ж. К. «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілік өткізді.

  •  Комиссия құрып балалардың мектепке дайындығын тексеру.  (Тест түрінде).  

Күн тәртібі: балалардың балабақшада үйренген білімдерінің   қорытындысын талдау.
  2. Әр түрлі сұрақтар.

Тындалды:
 
 Бірінші сұрақ бойынша балалабақша әдіскер Абильмажинова Г.А. сөз алды мектепалды «Көгершін» тобының балаларының мектепке дайындығын анықтау, мектепалды тобының бағдарлама бойынша алған деңгейіне тоқталды. Балалардың білім деңгейінің көрсеткішін нақты анықтау мақсатында комиссия құруды ұсынды. Балабақша әдіскері ұсынысы бойынша комиссия құрамы бекітілді:
  1.  Маулешова А.К.(   меңгеруші  ) – комиссия төрайымы.
  2. Абильмажинова Г.А. ( әдіскері) – комиссия мүшесі.
  3. Хази Ж  (тәрбиеші) – комиссия мүшесі.
  4. Даулетбаева Р.А. (тәрбиеші) – комиссия мүшесі.  
  5.  Амирбаева А.С.  (логопед) – комиссия мүшесі.  
  Комиссия мүшелері мектепалды даярлық «Көгершін» тобының балаларының білім деңгейінің көрсеткіші бойынша қорытындысы мынандай.

Тест жұмыстарына 28 бала қатысты, оның ішінде:

Жоғарғы деңгейде: 21 бала 72%

Ортаңғы деңгейде: 7 бала 28%

Төмен деңгейде: 0 бала

Топ тәрбиешісі Әлімжан Ж. К. мектепке дайындығының көрсеткіші жақсы бағамен бағаланды, «Көгершін» тобының 21 баласы мектепке дайындығын көрсетті.

Ортаңғы деңгейдегі 7 баламен жазғы кезенде мектепке дайындық жұмысын жалғастыруды ұсынды.

  • Әдіскер, тәрбиешілердің, мамаңдардың   2024-2025 оқу жылының есебі тыңдалды. «Көгершін», «Жұлдыз», «Ақбота», «Балдырған тобы» топ тәрбиешілері жыл бойына атқарылған жұмыстарының есебін өткізді.

3.   «Мектепке психологиялық дайындық» 

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»

Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады.      Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.

           Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.

Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.


4.  Жазғы сауықтыру шараларының жоспарын бекіту.

бойынша барлық топ тәрбиешілеріне Жазғы сауықтыру

шараларының іс- шаралары және жазғы уақыттың оқу қызметінің кестесін

бекітіп барлық топ тәрбиешілеріне берілді.

Сөз соңында балабақша меңгерушісі Маулешова А.К. барлық тәрбиешілердің ұсыныстарын, талаптарын ескеріп, жалпы педагогикалық кеңесті қорытындылап, бір ауыздан шешім қабылдады.


 5. Педагогикалық кеңестің шешімі:
 
1.  №5 педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы және оқу процесінің қортындысы қанағаттанарлық, одан әрі балалардын білімін жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізілсін.

Мерзімі – үнемі, күнделікті. Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер

2. Барлық топ тәрбиешілері балалардың ой – өрісін жаңа технологиялық

әдіс – тәсілдер бойынша дамытсын. Жыл бойына. Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер

3.Мектепалды дарлық топ тәрбиешілерінің жылдық есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

4. Жазғы сауықтыру шараларының іс-шаралары жоспары бекітіліп жұмыс

жүйелі жүргізілсін. Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер.