18
сәуір
2025
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі".
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі".
Балабақша қабырғасында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен, ата-аналармен бірлесе отырып аталып өтті. Бұл күн – ұрпаққа ұлағат, санамызға салт-дәстүрдің сәулесін түсірген шынайы ұлттық мереке болды.
Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесе отырып ұлттық ойындар ойнап, халқымыздың бай мәдениетін жаңғыртты. «Арқан тарту», «Асық ату», «Марқа қозы көтеру», "Теңге ілу" сынды ойындар балдырғандардың қызығушылығын оятып, мерекеге шаттық сыйлады.
Балалар қазақтың халық әндерін әуелетіп айтып, ұлттық киімдермен сахнаға шықты. Ән мен жыр, би мен күлкі қатар өрілген бұл күні бүлдіршіндер қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысты. Шашу шашылып, тұсау кесу, бата беру сынды дәстүрлер көпшілікке көрсетілді. Бұл іс-шара – тек көңіл көтеру ғана емес, баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды тәлім-тәрбиені дарытудың бір жолы болды. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтың бойына ұлттық рухты ұялатқан ата-аналар мен тәрбиешілерге алғысымыз шексіз!