14
наурыз
2025
Көрісу күні
Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде «Әжелер мектебі» мүшелері белсенді жұмыс атқаруда.
«Көрісу күні» – ата-баба дәстүрінен келе жатқан, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, адамдардың бір-біріне құрмет пен ілтипат білдіретін ерекше мереке. Бұл күнді атап өту – ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңғырту, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің жарқын үлгісі. Көрісу күнінде адамдар жасы үлкендерге барып, қол алысып, төс қағыстырып, көптен бері көріспеген жандар бір-бірімен қауышып, өкпе-ренішін ұмытып, сыйластықты арттырады. Бұл күні жастар үлкен кісілерге сәлем беріп, батасын алады, ал үлкендер ақ батасын береді.
«Әжелер мектебі» бұл күні:
"Көрісу күнін" атап өте отырып, балаларымызға үлкенге құрмет көрсетудің, кішіге ізет білдірудің, мейірімді болудың маңыздылығын ұғындырамыз. Бұл – халқымыздың асыл мұрасы, ұлттық тәрбиенің негізі. Сондықтан осы дәстүрді жаңғыртып, келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың міндетіміз!