Іс-шаралар » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды!" Ұлы Жеңістің 80-жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шара
08
мамыр
2025
"Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды!" Ұлы Жеңістің 80-жылдық мерейтойына
"Ешкімде, ештеңе де ұмытылмайды!" Ұлы Жеңістің 80-жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шара Мақсаты: Балаларға 9 Мамыр – Жеңіс күні туралы түсінік беру, бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру, батыр аталардың ерлігін есте сақтау, «Мәңгілік алау» ескерткішіне барып, қызыл қалампыр гүлдерін қою арқылы тағзым етуге тәрбиелеу. Балалардың бойында Отансүйгіштік, құрмет, ризашылық сезімдерін қалыптастыру🕊️
«Жасыл десант» ата-аналармен бірлесіп балабақшамыздың ауласын көркейту, тұқым мен көшет дайындау, отырғызу
24
сәуір
2025
«Жасыл десант» ата-аналармен бірлесіп балабақшамыздың ауласын
«Жасыл десант» ата-аналармен бірлесіп балабақшамыздың ауласын көркейту, тұқым мен көшет дайындау, отырғызу Мақсаты – балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, экологиялық білімді арттыру және ата-аналармен бірлесіп балалардың белсенділігін дамыту. Шара барысында балалар мен ата-аналар өсімдіктерді күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстарымен танысып, оларды табиғаттың бөлінбес бөлігі ретінде бағалайды. Бұл іс-шара балалардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал
Денсаулық күндері  «Желмен жарыс» спорттық сайысы Мектепалды "Көгершін"  тобы
24
сәуір
2025
Денсаулық күндері «Желмен жарыс» спорттық сайысы Мектепалды
Денсаулық күндері  «Желмен жарыс» спорттық сайысы Мектепалды "Көгершін"  тобы Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, таза ауада ойнау арқылы төзімділік пен ептілікті дамыту, спортқа деген қызығушылығын ояту, жолдастық қарым-қатынасты, ұйымшылдық пен ерік-жігерді қалыптастыру.
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі".
18
сәуір
2025
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі".
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі". Балабақша қабырғасында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен, ата-аналармен бірлесе отырып аталып өтті. Бұл күн – ұрпаққа ұлағат, санамызға салт-дәстүрдің сәулесін түсірген шынайы ұлттық мереке болды. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесе отырып ұлттық ойындар ойнап, халқымыздың бай мәдениетін жаңғыртты. «Арқан тарту», «Асық ату», «Марқа қозы көтеру», "Теңге ілу" сынды ойындар балдырғандардың қызығушылығын оятып,
Қалалық семинар. Тақырыбы: "Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада"
17
сәуір
2025
Қалалық семинар. Тақырыбы: "Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада"
КМҚК «№5 бөбекжай балабақшасы» Мобильді топ жоспарына сәйкес  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Ұлттық тәрбие негізі -балабақшада» тақырыбындағы қалалық семинар Семинардың мақсаты:   Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбиенің озық үлгілерін енгізу арқылы жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді, отансүйгіштік пен ұлттық болмысқа деген құрметті қалыптастыру. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сүйене отырып, ұлттық құндылықтарды бес негізгі
Көрісу күні
14
наурыз
2025
Көрісу күні
Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде «Әжелер мектебі» мүшелері белсенді жұмыс атқаруда.  «Көрісу күні» – ата-баба дәстүрінен келе жатқан, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, адамдардың бір-біріне құрмет пен ілтипат білдіретін ерекше мереке. Бұл күнді атап өту – ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңғырту, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің жарқын үлгісі. Көрісу күнінде адамдар жасы үлкендерге барып, қол алысып, төс қағыстырып, көптен бері көріспеген жандар
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі” жобасы бойынша “Қызға қырық үйден тыю”
12
наурыз
2025
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі”
Балабақшамызда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі” жобасы бойынша “Қызға қырық үйден тыю” тақырыбында анасы  қыздардың бойына әдептілік, тазалық,  көркем мінез қалыптастыру жолдарын көрсетті. Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбиеге сай әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға үйрету. Қатты күлмеу, асығыс жүгірмеу, орынсыз сөйлемеу, сыпайылық сақтау, дұрыс отыру және жүріс-тұрыс мәдениетін үйрету. Ас ішудің әдебін, дұрыс тамақтану мәдениетін
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік,  мектепалды "Көгершін" тобы
07
наурыз
2025
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік, мектепалды "Көгершін" тобы
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік Мектепалды "Көгершін" тобының балаларына ананың мейірімі мен еңбегін қадірлеуді үйрету, аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың өнерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге, ән айтуға, өлең оқуға, би билеуге баулу. Анаға құрмет көрсетуге, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек тобы "Жұлдыз"
06
наурыз
2025
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек тобы
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек "Жұлдыз" тобының балаларын аналарын құрметтеуге, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Аналардың еңбегін бағалауға, оларға алғыс айтуға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз ойларын еркін жеткізуге, ән айтып, би билеуге баулу. Мейірімділікке, қамқорлыққа және ізеттілікке тәрбиелеу.
"Аяулы анашым"  аналар күніне мерекелік ертеңгілік  ортаңғы "Ақбота" тобы
05
наурыз
2025
"Аяулы анашым" аналар күніне мерекелік ертеңгілік ортаңғы "Ақбота"
"Аяулы анашым"  аналар күніне мерекелік ертеңгілік  ортаңғы "Ақбота" тобы балаларын аналарын сыйлауға, оларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімдерін дамытуға тәрбиелеу. Аналардың еңбегін бағалап, алғыс айтуға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ән айту, би билеу, тақпақ айту дағдыларын дамыту. Мерекелік шара арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және отбасылық құндылықтарды нығайту.