Біз туралы » Страница 4 » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Практикалық семинар  "Балаларға экологиялық тәрбие - білім беру", "Біз – кішкентай ізкесушілерміз" – балабақшадағы қарапайым эксперименттерді жасаудың тиімділігі.
28
наурыз
2025
Практикалық семинар "Балаларға экологиялық тәрбие - білім беру",
Практикалық семинар "Балаларға экологиялық тәрбие - білім беру", "Біз – кішкентай ізкесушілерміз" – балабақшадағы қарапайым эксперименттерді жасаудың тиімділігі. 1. Практикалық бөлім Сөйледі: әдіскер Абильмажинова Г. А.,  - табиғи материалдармен жұмыс жасауды (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, кенеп, тері, мата, дәннің түрлері) Қатысушыларды шағын топтарға бөліп, әр топ табиғи материалдарды пайдаланып, композиция құрастырып, талқылады. 2. Тәрбиеші Жалгасбаева М.А. – «Табиғи материалдармен жұмыс
Көрісу күні
14
наурыз
2025
Көрісу күні
Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде «Әжелер мектебі» мүшелері белсенді жұмыс атқаруда.  «Көрісу күні» – ата-баба дәстүрінен келе жатқан, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, адамдардың бір-біріне құрмет пен ілтипат білдіретін ерекше мереке. Бұл күнді атап өту – ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңғырту, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің жарқын үлгісі. Көрісу күнінде адамдар жасы үлкендерге барып, қол алысып, төс қағыстырып, көптен бері көріспеген жандар
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі” жобасы бойынша “Қызға қырық үйден тыю”
12
наурыз
2025
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі”
Балабақшамызда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде құрылған “Аналар мектебі” жобасы бойынша “Қызға қырық үйден тыю” тақырыбында анасы  қыздардың бойына әдептілік, тазалық,  көркем мінез қалыптастыру жолдарын көрсетті. Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбиеге сай әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға үйрету. Қатты күлмеу, асығыс жүгірмеу, орынсыз сөйлемеу, сыпайылық сақтау, дұрыс отыру және жүріс-тұрыс мәдениетін үйрету. Ас ішудің әдебін, дұрыс тамақтану мәдениетін
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік,  мектепалды "Көгершін" тобы
07
наурыз
2025
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік, мектепалды "Көгершін" тобы
"Жан ана" мерекелік ертеңгілік Мектепалды "Көгершін" тобының балаларына ананың мейірімі мен еңбегін қадірлеуді үйрету, аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың өнерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге, ән айтуға, өлең оқуға, би билеуге баулу. Анаға құрмет көрсетуге, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек тобы "Жұлдыз"
06
наурыз
2025
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек тобы
"Гүл -ана, жыр - ана, күн - ана" мерекелік ертеңгілік ересек "Жұлдыз" тобының балаларын аналарын құрметтеуге, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Аналардың еңбегін бағалауға, оларға алғыс айтуға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз ойларын еркін жеткізуге, ән айтып, би билеуге баулу. Мейірімділікке, қамқорлыққа және ізеттілікке тәрбиелеу.
"Аяулы анашым"  аналар күніне мерекелік ертеңгілік  ортаңғы "Ақбота" тобы
05
наурыз
2025
"Аяулы анашым" аналар күніне мерекелік ертеңгілік ортаңғы "Ақбота"
"Аяулы анашым"  аналар күніне мерекелік ертеңгілік  ортаңғы "Ақбота" тобы балаларын аналарын сыйлауға, оларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімдерін дамытуға тәрбиелеу. Аналардың еңбегін бағалап, алғыс айтуға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ән айту, би билеу, тақпақ айту дағдыларын дамыту. Мерекелік шара арқылы көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және отбасылық құндылықтарды нығайту.
"Аяулы ана" мерекелік ертеңгілік, кіші топ "Балдырған"
04
наурыз
2025
"Аяулы ана" мерекелік ертеңгілік, кіші топ "Балдырған"
"Аяулы ана" мерекелік ертеңгілік Кіші "Балдырған" тобының балаларын аналарын сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың тіл байлығын, ән айту, би билеу, өнер көрсету қабілеттерін дамыту. Ертеңгілік арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Денсаулық күндері "Сиқырлы ойындар" ортаңғы "Ақбота" тобы
20
ақпан
2025
Денсаулық күндері "Сиқырлы ойындар" ортаңғы "Ақбота" тобы
Денсаулық күндері "Сиқырлы ойындар" ортаңғы "Ақбота" тобы  Қимылды ойындар арқылы балаларды физикалық жаттығуларға баулу, көңіл-күйлерін көтеру. Денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру – балаларға денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғындыру.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде "Аталар мектебі" жобасы бойынша "Домбыра – қазақтың киелі аспабы"
18
ақпан
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде "Аталар мектебі" жобасы
"Домбыра – қазақтың киелі аспабы" Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық аспабы – домбыра туралы мағлұмат беру. Домбыраның құрылымы, тарихы және оның ұлттық мәдениеттегі орны туралы түсіндіру. Домбыра шерту дағдысын қалыптастыру, музыкаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Бұл іс-шара "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық аспап - домбыраның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып, балалардың дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталды. "Аталар мектебі" жобасының мүшелері:
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Аталар мектебі",  жобасын ұйымдастыру бойынша "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"
12
ақпан
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Аталар мектебі", жобасын
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара "Аталар мектебі" жобасы бойынша Тақырыбы: "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" Мақсаты: Балаларды ұлттық ойындармен таныстырып, олардың мазмұны мен ережелерін үйрету. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеу, ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілетін, ептілігін, мергендігін және шапшаңдығын дамыту. Асық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әділдікке тәрбиелеу. Өткізілген ойындар: