«Біз мектепке барамыз» балалардың мектепке дайындығын тексеру. (Тест түрінде)
«Біз мектепке барамыз» балалардың мектепке дайындығын тексеру. (Тест түрінде)
КМҚК «№5 бөбекжай-балабақшасы» №5 педагогикалық кеңестің
хаттамасы
Алматы қаласы, Медеу ауданы. 30.05.2024ж
Қатысқандар : «№5 бөбекжай-балабақшасының» педагогтары
Күн тәртібі:
1. «Біз мектепке барамыз» балалардың балабақшада үйренген білімдерінің қорытындысын талдау.
2. Әр түрлі сұрақтар.
Тындалды:
Бірінші сұрақ бойынша балалабақша психологы Даулетбаева Р.А. сөз алды мектепалды даярлық «Көгершін» тобының балаларының мектепке дайындығын анықтау, мектепалды даярлық тобының бағдарлама бойынша алған деңгейіне тоқталды. Балалардың білім деңгейінің көрсеткішін нақты анықтау мақсатында комиссия құруды ұсынды. Балабақша әдіскері ұсынысы бойынша комиссия құрамы бекітілді:
1. Маулешова А.К.( меңгеруші ) – комиссия төрайымы.
2. Баймуратова Б.К.( әдіскері) – комиссия мүшесі.
3.Даулетбаева Р.А. – комиссия мүшесі.
4. Хази Ж (тәрбиеші) – комиссия мүшесі.
Жиналыс төрайымы: Маулешова А.К.
Хатшы: . Баймуратова Б.К
Тексеру барысында балалар өз білім деңгейлерін мектепке дайындық тесттер арқылы көрсетті:
«Қатынас» білім беру саласынан балалар үш-төрт әріпті сөздерді оқып, оқыған сөздерді буынға бөліп, сөздерді көшіріп жазып тапсырма орындады.
«Таным» білім беру саласынан балалар есептер шығарып, бір таңбалы сандарды анықтап, 20 ға дейінгі сандарды тура және кері санап берді.
«Шығармашылық» білім беру саласынан балалар түстерді анықтап, моншақтың суретін салып, бояды.
«Әлеумет» білім беру саласынан балалар логикалық тапсырмаларды орындады. Жыл мезгілдерін анықтап, апта күндерін атап, отбасы мүшелерін атап, мекен-жайларын айтты.
Барлығы тест түрінде өтті. Әрбір тапсырмаға балл қойылып, есептелді.
КМҚК «№5 бөбекжай-балабақшасындағы» «Біз мектепке барамыз» бағдарламасының орындалу барысын тексеру мақсатындағы құрылған комиссия жұмысының қорытындысы туралы
Хаттама №2
Комиссия мүшелері төмендегідей шешім қабылдады:
Комиссия мүшелері мектепалды даярлық «Көгершін» тобының балаларының білім деңгейінің көрсеткіші бойынша қорытындысы мынандай.
Тест жұмыстарына 29 бала қатысты, оның ішінде:
Жоғарғы деңгейде: 18 бала
Ортаңғы деңгейде: 9 бала
Төмен деңгейде: 2 бала
Топ тәрбиешісі Әлімжан Ж.К. мектепке дайындығының көрсеткіші жақсы бағамен бағаланды, «Көгершін» тобының 18 балалары мектепке дайындығын көрсетті.
Ортаңғы деңгейдегі 11 баламен жазғы кезенде мектепке дайындық жұмысын жалғастыруды ұсынды.
Төрайым: меңгеруші: Маулешова А.К.
Хатшы: Баймуратова Б.К.