03
ақпан
2023
Мектепалды даярлық «Көгершін» тобы Тәрбиеші: Әлімжан Жаңагүл Кемелжанқызы Ашық есік күннің тақырыбы: Тірі табиғат және өлі табиғат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.







