22
ақпан
2022
"Мен болашақ бағбанмын" топтарда пияз, аскөк, гүл дәні отырғызылды
"Мен болашақ бағбанмын" топтарда пияз, аскөк, гүл дәні отырғызылды
Барлық топ балалары қыс мезгілінде терезе алдына пияз, гүл, аскөк дәндерін отырғызды.Мақсаты: Балаларға пияздың әртүрлі болатындығын, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Пияз, аскөк, ақжелкен түрлерімен таныстыру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру. Пияздың аскөктің, ақжелкеннің, гүлдің бірнеше түрі бейнеленген сурет, пияздың тұқымы, аскөктің, ақжелкен отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар. Балаларды еңбекке баулу.




