Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрмыстық-шаруашылық еңбек.
30
наурыз
2021

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек.

"Тұрмыстық-шаруашылық еңбек"  Мақсаты: Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. Күнделікті тұрмыста жеңіл тапсырманы орындай білуге деген ынтасын ояту; қасықты, тарелкені, сүрткішті, нан салғышты үстел үстіне ұқыптап қою. Балаларды топ бөлмесінде реттілікті сақтауға үйрету: ойыншықтарды, құрылыс материалдарын өздігінен орнына жинау, оларды сындырмау, ойыншықтардың, қуыршақтың киімдерін, төсек орындарын жуу, тәрбиешімен бірге кітап түптерін жөндеу, желімдеу үстінде ойнайтын ойындардың қораптарын бүтіндеу, үстел, орындықтардың, сөрелердің шаңын сүрту.  Барлық балалар апта сайын топ бөлмесін тазартуға қатыстырылады. Өздері киінетін шкафтардың, жуынатын бөлмедегі орамал ілінетін сөрелердің, топтағы шкафтардың, терезе алдының, ойыншықтардың және оқу құралдарының шаңын сүртеді. Резинадан жасалған ойыншықтарды, құрылыс ойыншықтарын жуып, қуыршақтың киімін жуып, үтіктейді. Жыртылған кітаптарды, ойыншықтарды жөндеу, жуынған соң еденді сүртіп тазарту керек. Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының еңбегін бағалай білу, еңбекке деген дұрыс көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ.