«Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектепке дейінгі білім бөлімінің іс-шаралар жоспары » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектепке дейінгі білім бөлімінің іс-шаралар жоспары
04
маусым
2021

«Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектепке дейінгі білім бөлімінің іс-шаралар жоспары

Іс-шара атауы: «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері»

Өткізу түрі: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған балабақша балалары арасындағы асфальтта сурет салу байқауы.

Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.   Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.


Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Бүлдіршіндеріміз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Өмірлерің мәнді де, сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деген игі тілекпен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері»   атты  асфальтта сурет салу байқауын бастаймыз.

Кіші  «Балдырған» тобы. 

«Біздің балабақша» тақырыбындағы сурет




Ортаңғы «Ақбота» тобы. «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбындағы сурет.

Ересектер «Жұлдыз» тобы.  «Біз бақытты елдің ұрпағымыз» тақырыбы


Мектепалды даярлық «Көгершін» тобы.  «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбындағы сурет