06
мамыр
2021
7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты жігіттер сайысы
Тақырыбы: 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты жігіттер сайысы.
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеуге үйрету мақсатында балабақшамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30- жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты жігіттер сайысын өткізіп, ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету
Өткізу түрі: Конкурс (сайыс)Сайыстың ережесі:
- «Сәлем сөздің атасы»Таныстыру
- «Талантты болу тәңірден» Өнер сайысы
- «Шынықсаң шымыр боласың» гір тасын көтеру, оджимания жасау
- «Қол күрес»Ұлттық ойыны.
Кіші «Балдырған» тобы.
- Амангелді Рамазан «Талантты жігіт»
- Нұртас Дінмухаммед «Шебер жігіт»
- Бақыт Әділхан «Жігіттің сұлтаны»
- Темірғали Бекдаулет «Өнерлі жігіт»
- Ашимов Альтайыр «Тапқыр жігіт»