Семинар-практикум » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар-практикум
27
қараша
2020

Семинар-практикум

Тәжірбиемен бөлісу: 1)Тәрбиеші: Байырова А.Н. "Ойынға қажетті көнекті құралдарды орынды қолдану" Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар: Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланатын ойындарға қажетті көрнекті құралдарды қалай қолданатынын көрсетіп,  тәжірбиесімен бөлісті. 
1.Заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қаынастарды т.б. зерттеп таныйды. 
2.Шығармашылық, сюжеттік – рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар, карталар бойынша  саяхаттар жатады. Бұл ойындарды балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор. 
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды.
 2)"Іскеркерлік ойынның жүргізілу технологиясы" (Валиеваның құрастыруы бойынша) Тәрбиеші: Дүйсенбаева Ж.Д. Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы (М.Валиеваның құрастыруы бойынша): өз оқу қызметінде пайдаланатын тәжірбиесімен бөлісті. Дайындық кезеңі. Ойынды дайындау: 1) Сценариін дайындау; Жоспар құру; Жалпы сипаттау; 2)Ойынға кіріспе: Шарттарын білу; Топ құру; Жалпы түсінік беру; Ойынды жүргізу кезеңі; Топтық жұмыс: Ойлану; Ойыншылармен жұмыс. 
 Талдау және қорытындылау кезеңі. Ойынға қорытынды жасау; Қорытындылау, жинақтау;