24
желтоқсан
2020
"Жаңа жылдық сиқырлы кеш" атты тақырыптық оқу қызметі (барлық топтарда)
Біздің балабақшамызда "Жаңа жылдық сиқырлы кеш" атты мерекелік тақырыптық оқу қызметі өтті. Мерекелік тақырыптық оқу қызметі санитарлық нормаға сай, өз топтарының ішінде жүргізілді. Балалардың барлығы да белсенді болып, би билеп, ән айтып атсалысты. Тақырыптық оқу қызметінің өту барысында қоян, аю сынды кейіпкерлер балалардың көңілін көтеріп, бірге ойындар ойнады. Біздің балабақшамыздың балалары өнерлі, білімді, тәртіпті екендерін көрсетті.