19
сәуір
2019
Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің, құтты Наурыз" мерекелік іс-шара
«№ 5 бөбекжай балабақшасының» ауласында 13.04.2019 жылы «Қош келдің, құтты Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге ата-аналар белсенді қатысты, балалармен бірге ән айтып, би биледі. Ата-аналардың көмегімен әр топтың көленке қалқалары безендірілді. Ата-аналар балаларға арнап мерекелік дастархан мәзірі дайындалды. Мереке барысында балабақша қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Қыдыр Атаның ақ батасымен және Наурыз Әженің тойға шашуымен мереке өте мазмұнды өтті. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, ойындар ойналды. Наурыз мейрамын тойлау балаларға жақсы әсер қалдырды.
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!