18
қараша
2020
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Мектепалды даярлық топ "Көгершін" Білім беру саласы "Таным" (кіріктірілген)
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Мектепалды даярлық топ "Көгершін". Тәрбиеші: Темірхан Маржан Жеңісқызы. Білім беру саласы "Таным" (кіріктірілген) Тақырыбы: "Ойнайықта ойлайық" Мақсаты: Балалардың математика оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру,берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету.Тура және кері санауды одан әрі дамыту,ой өрісін кеңейту.Үшбұрышты әртүрлі пішіндердің ішінен табуға дағдыландыру.Тәрбиешіні мұқият тыңдап ,сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу. 10 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 







