18
қараша
2020
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Мектепалды даярлық топ "Көгершін" Білім беру саласы "Таным" (кіріктірілген)
Мектепалды даярлық "Көгершін" тобы. Тәрбиеші: Темірхан Маржан Жеңісқызы. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Білім беру саласы "Таным" (кіріктірілген). Тақырыбы: "Ойнайықта ойлайық" Мақсаты: 10 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып-алу және түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларға сұрақ-жауап, сергіту сәті, санамақ айту, «Көршісін тап» дидактикалық ойынын ойнатып, логикалық есептер шығартып жаттықтыру және суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар пайдаланып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.




