Балаларға арналған өлеңдер
Ала мысық. Ала мысық тырнама, Тырнағаның бола ма? Ұстайыншы қолыңнан, Ойнайық, ер соңымнан. Бұзау Тентек болма, ақ бұзау, Еріншек болма, ақ бұзау. Кең далада сенімен, Жарысып мен жүгірем. Әдептілік Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үлкендерге жол беріп, Біз ақылды боламыз. Кішкентай бала Мен кішкентай баламын Кітап оқи аламын. Дәптер, қалам, сызғышты Сөмкеме өзім саламын. Ойыншықтар Ойыншықтар көп екен, Бірге ойнайық, балақай. Көгорай шалғын көк екен, Жарысайық, алақай!