22
қыркүйек
2021
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс-шара. Тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс-шара.
Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»
Мақсаты: Балаларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру;
Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Тұңғыш Президент сөзі
«Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!» (Нұрсұлтан Назарбаев)




