Іс-шаралар » Страница 8 » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім күні!
01
қыркүйек
2023
Білім күні!
Құрметті ұстаздар, қымбатты балабақшамыздың бүлдіршіндері  және ата – аналар, баршаңызды бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Тақырыбы: "Доппен ойын"
21
тамыз
2023
Тақырыбы: "Доппен ойын"
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Спортқа баулу, ынтасын арттыру. Доппен спорттық ойындарға беімдеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасау.
Театр қойылымы "Арманға жету жолында..."
25
шілде
2023
Театр қойылымы "Арманға жету жолында..."
Балабақшамызда балаларға арналған "Арманға жету жолында..." театр қойылымы көрсетілді.  Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Спорттық іс-шара: "Әкем, анам және мен"
14
шілде
2023
Спорттық іс-шара: "Әкем, анам және мен"
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата-аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
"Асқақтай бер, ару қала-Астана"
05
шілде
2023
"Асқақтай бер, ару қала-Астана"
Астана сан-түрлі арман қиялдардыжүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. 
Меркелік іс-шара «Біз бақытты баламыз»
01
маусым
2023
Меркелік іс-шара «Біз бақытты баламыз»
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Сондықтан балаларымызға ұматылмастай балалық шақ сыйлайық. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
«№5 бөбекжай- балабақшасының» мектепалды даярлық «Көгершін» топ балаларының балабақшамен қоштасуы.
30
мамыр
2023
«№5 бөбекжай- балабақшасының» мектепалды даярлық «Көгершін» топ
«№5 бөбекжай- балабақшасының» мектепалды даярлық «Көгершін» тобының балаларын жыл бойы алған білімдерін, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлап, бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салдық. Өтті қызық, көп күндер, Жеті жасқа жеттіңдер, Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл ойларың, Өсті міне бойларың Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың!
«№5 бөбекжай- балабақшасында» наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізілді.
18
сәуір
2023
«№5 бөбекжай- балабақшасында» наурыз мерекесіне орай іс-шара
«№5 бөбекжай- балабақшасында» наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Балаларға ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың
Ертеңгілік тақырыбы: "Аяулы анашым"
07
наурыз
2023
Ертеңгілік тақырыбы: "Аяулы анашым"
Топ: мектепалды даярлық «Көгершін» Тәрбиешілер: Хази Жанаргүл, Әлімжан Ж.К Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге ат салысу.
Ертеңгілік тақырыбы: “Ана, өмір шырағы”
06
наурыз
2023
Ертеңгілік тақырыбы: “Ана, өмір шырағы”
Топ: ересек «Жұлдыз» Тәрбиешілер: Скендирова Б.А, Қалқабай М.А Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулып, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкен-кішіге деген құрмет-ізетке тәрбиелеу;