Ата-аналар жиналысы » ГККП "Ясли сад №5"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№5 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 386-59-12
Әдіскер:
+7(727) 386-59-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы
13
қазан
2022

Ата-аналар жиналысы

МКҚК √5 бөбекжай- балабақшасында жаңа бағдарламаға сай өзгерiстер жайлы түсініктер беру мақсатында ата-аналармен жиналыс жүргізілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналар мен педагог арасында тығыз байланысты арттыру.

Міндеттері: 
1) балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту; 
2) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
3) балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру; 
4) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау; 
5) ата-аналар институтының жұмысын ұйымдастыру (жас аналар мектебі, әжелер мектебі, аталар мектебі, әкелер мектебі).